Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданында бұршақты нөсер жауып, Жаңаауыл ауылында 26 үйге су кірді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, кешкісін шамамен 40 минуттай қатты нөсер жауған. Осыдан соң ауыл шетіндегі Терісайрық өзені мен шағын канал арнасынан асып, ылдидағы үйлерге жайылған. Бұл ауылдағы үйлер мен қора-қопсының көбі саман кірпіштен салынған. Сондықтан су сіңген соң біртіндеп құлай бастаған. Бірақ ешбір отбасы эвуакацияланған жоқ.
Олардың айтуынша, мал-жан аман. Тосыннан болған табиғи жағдайдан нақты қанша үйді су басқанын арнайы комиссия анықтайтын болады.
«26 үйге су кірді» деп мәлімет берді ауылдың әкімі. Қазір өз көзімізбен көріп шығамыз комиссиямен. Ауданның әкімі өзі осында жүр. Арнайы комиссия бар. Облыстан келетіні бар. Соның бәрі қарайды да, сол келген залалдың шығынын есептеп, ары қарай шешім қабылдайды ғой, - Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин.