Коронавирус тұзды суда өледі дегені рас па?
Коронавирус тұзды суда өледі дегені рас па?
©Сурет интернеттен алынды
276
оқылды
Алматыда өткен онлайн брифинг барысында инфекционист дәрігер Тамара Утағанова коронавирустан емдеу туралы ел арасындағы алыпқашпа сөздерге түсінік берді. «Коронавирус тұзды суда өледі деген көп айтылып жүр. Ол – жалған ақпарат. Бұл вирус тек антисептик пен дезинфекциялық құралдардың барлығынан өледі. Қазір Қазақстанның өзінде емдеу хаттамасының 11 редакциясымен емдеп жатырмыз. Емдеу хаттамасы бүкіл әлем бойынша жиналған тәжірибе, үйренген машықтар, дәрілердің қолдану тәжірибесі, диагностикалық құралдарды қолдану тәжірибесі жинақталғанда өзгеріп отырады. Қазір Қазақстанда вирусқа қарсы терапия қайта қаралғаны рас. Бұрын ДДСҰ ұсынған «Гидрокслиохлорохин», «Лапиновир» препараттарына қазір тыйым салынған. Оның орнына «Ремдесивир», «Фавипировир» препараттары қосылды», - деді Т.Утағанова.