Жыртқышқа құмар жұрт
Жыртқышқа құмар жұрт
299
оқылды
Ол Түлкібас ауданының Азаттық кентіндегі шайханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құс та­былғаны туралы хабарлаған. Жедел жеткен Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері шай­хананың иесі ғимараттың аула­сында 6 құсты заңсыз торда ұста­ғанын анықтады. Айғақ ретінде алынған 6 құс сараптамаға жі­беріліп, нәтижесінде бұл құстар­дың кезқұйрық пен жағалтай екені анықталыпты. Аталған жайт Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 389-бабы бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары ше­шім шығару үшін сотқа жол­данады. Соңғы кезде жыртқыш жа­нуар­ды заңсыз асыраушылар жиі анықтала бастады. Мысалы, осыдан бірер апта бұрын Маң­ғыстау облысында арыстан асыраған тұрғынға айыппұл салын­ған болатын. Ол асыраған Симба арыстаны көшеге шығып кетіп, көпшіліктің назарын ау­дарған-ды.  

Тұмар МЫРЗА