«Компьютерлік томография COVID-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Елордада 17 КТ аппараты бар. Оның барлығы тәулік бойы жұмыс істейді. Елорда әкімдігі қосымша тағы 2 КТ аппаратын сатып алды. Олар шілденің соңына дейін қалаға әкелінеді», – деді әкім.
Оның айтуынша, қалада 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар.