«Президент ауылдағы жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды. Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ПТР тест оң нәтиже көрсеткен және пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін ауыл деңгейінде 2,5 мың жұқпалы және 11 мың уақытша төсек қойылды», – деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, амбулаториялық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді топ құрылды. Барлық өңірде жұмыс істеп жатыр. Онда 641 жедел жәрдем көлігі бар. Министр тағы да жедел жәрдем көлігі сатып алынатынын жеткізді.
«Тағы 141 көлік керек. Қажеттілік осы жылдың соңына дейін жалға берілетін қаржылық лизинг шарттарымен өтеледі. Біз аудандық ауруханалар үшін 53 рентген аппаратын сатып алып жатырмыз. Сондай-ақ, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), электрокардиограмма (ЭКГ), гинекология кабинеттеріне тиісті жабдықты сатып алуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.