ҚазҰПУ: жазғы онлайн-мектебінің ерекшелігі неде?
ҚазҰПУ: жазғы онлайн-мектебінің ерекшелігі неде?
457
оқылды
Бұл мектептің негізгі мақсаты – мұғалімдердің онлайн режимінде тиімді оқыту үшін цифрлық ресурстарды қолдану білімдері мен дағдыларын дамыту. Жазғы мектепте қашықтықтан оқыту режимінде білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ең қызықты цифрлық құралдар қарастырылады: «Discord педагогикалық өзара әрекеттесу құралы ретінде», «Білім беру нәтижелерінің рубрикаторлары», «Педагогикалық дизайн негіздері», «Цифрлық із».    width= Семинар спикерлері тиісті құралдарды (DownSab, Advego, Dandelion, Alot) қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе мен ұсыныстармен бөліседі, оқу материалдарын жобалаудың онлайн-платформасын және білімін тексеру – Core.app, зертханалық жұмыстарға арналған ресурстармен және виртуалды зертханамен таныстырады. Жазғы мектептің қатысушылары бірлесіп жұмыс істеу және miro.com, padlet.com, mentimeter, Zoom, Google Meet, OBS-Studio, edpazzle-да бейне-дәрістер, вебинарлар, бейне-конференцияларды қалай жасау керек, Univer және YouTube жүйесіне бейне-дәрістерді жүктеу, тестілер мен тапсырмаларды әзірлеу, ақпаратты бақылау және жинау құралдары (QuizLET, Quizizz, kahoot, socrative) бойынша нұсқаулықтар алады.