Елордада станционарға пневмониямен түсетін науқастар саны 33% азайды
Елордада станционарға пневмониямен түсетін науқастар саны 33% азайды
© сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Қабылданған карантин шаралары мен емханаларда амбулаториялық емдеу күшейтілгендіктен, стационарға пневмониямен түсетін науқастар саны 33% (1348-ден 903-ке дейін) азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Қала емханалары күн сайын симптомсыз және КВИ-дің жеңіл түрін жұқтырған, пневмонияға шалдыққан науқастарға мониторинг жүргізеді, телемедицина шеңберінде онлайн-кеңестер өткізеді, үйде стационарлар ұйымдастырады. Қала әкімдігімен бірлесіп қабылданған амбулаториялық емдеуді күшейту шаралары аурудың бастапқы кезеңінде қажетті медициналық көмек көрсетуге және аурудың асқынуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жедел жәрдем станциясына түсетін қоңыраулар азайған: күніне шақыртулар саны екі есе қысқарды (3 мыңнан 1 400-ге дейін), жүгінушілер саны да 2 есе төмендеген (4 300-ден 2 мыңға дейін), оның ішінде КВИ бойынша тәулігіне 500-ден 175-ке дейін медициналық көмекке жүгінушілер қысқарған. Жедел жәрдем станциясының жұмысын жеңілдету үшін телеграм-бот (@ns103bot) құрылды, ол күн сайын 200-ге дейін өтінішті өңдейді, колл-орталық 500-ге дейін қоңырауға жауап береді. Ахуалдық орталық 1200-ден астам адамның өтінішін қабылдап, оның ішінде 901-і стационарларға бөлінген. Сондай-ақ, Damumed мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Қосымша арқылы онлайн-қабылдауға жазылуға және бейнеқоңырау форматында тегін кеңес алуға болады. Қабылдау туралы барлық ақпарат дәрігердің медициналық жазбасында сақталады.