«Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 індетінен жазылғандар саны 60 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі – 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға төмендеді», – деді министр.
Оның айтуынша, 22 шілдеге дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4183 аппарат сатып алынуда. Сонымен бірге 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады.