Филиппин президенті Родриго Дутерте пандемия кезінде медициналық маска тақпайтындарды тұтқындау керегін ескертті. Бұл туралы Reuters хабарлады.
[caption id="attachment_59442" align="alignleft" width="379"] сурет интернеттен алынды[/caption]
«Бізде маска тақпаған және пандемия кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтамағандарды тұтқындау қажеттілігі бар екені туралы күмәніміз жоқ. Бұл – қылмыс. Олардың тұтқындалуы қалған адамдарға жақсы сабақ болады», - деді Филиппин президенті.
Қазіргі таңда Филиппин пандемиядан қайтыс болғандардың саны бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезиядан кейін екінші орында тұр. Елде 68 898 адам коронавирус жұқтырып, 1835 адам індеттен көз жұмған.