Тексеруге аудан бойынша құрылған мобильдік топ мүшелері түгелдей қатысты. Тексеру барысында дәріханалар иелеріне дәрілік препараттар бағасын қалыпты ұстауға және дәрі тапшылығын туғызбас үшін қажетті дәрілерді тұрғындарға шекті түрде ғана босату ұсыныс ретінде айтылды.
– Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Бұл мақсаттағы тексеру және бақылау жұмыстары алдағы уақыттада жалғасатын болады, – деді Nur Otan партиясы Катонқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайыржан Сәдуов.