Ауыл жұрты дәрігерлерге қымыз үлестіруде
Ауыл жұрты дәрігерлерге қымыз үлестіруде
©Сурет интернеттен алынды
264
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында Саржал ауылының тұрғындары коронавирус індетімен ауырған науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз тарту етті. Мұндай қайырымдылық шарасына ауылдағы он азамат бірге жұмылып бастама көтерген. Олардың айтуынша, вирустық індет пен күресте ақ халаттыларға да тіпті пациенттерге де күш қуат иммунитет қажет. Ал қазақтың ұлттық сусыны – қымыз нағыз ағзаға керек дәрумен. Мешіт маңына жиналғандар волонтерлердің көмегімен 1 тонна қымызды қаладағы ауруханалар мен правизорлық стационарларға жеткізілді. Атақты Саржалдың қымызынан дәм татқандар игі шараны ұйымдастырғандарға алғысын білдірді. – Халыққа көмектесейік деп ауылдың атынан жиналып жатырмыз. Қоғамда қазір вирус тарап жатыр. Адамдардың иммунитеті әлсіреп, сол иммунды көтеру үшін науқастарға қымыз қажеттігін барлықтарыңыз білесіздер. Бұл шараға «Өмірге үміт сыйла» деген акциямен бірігіп, біз де көмектесіп жатырмыз, - акцияға қатысушы Метхат Мусин.