Халық сенімі артып келеді
Бөлім басшысының орынбасары айтқандай, бірлескен жұмысқа азаматтық қоғам институттары да тартылған. Бір мысал, ҚР Заңгерлер палаталары қауымдастығының өкілдері келіп түскен өтініштерге тәуелсіз сараптама жүргізіп, тиісті қорытынды дайындайды, ол қорытынды прокуратура, құқық қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Бұл орайда былтыр қалыптасқан тәжірибенің жоғары тиімділігін атап өтиу болады. Мысалы, жекелеген өтініштер бойынша, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесудің арқасында прокурордың әрекет ету актілерін енгізуге қол жеткізілді, ал сот органдары алдыңғы сот шешімдерін қайта қарады. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау кезінде тартылған заңгерлер мыңға жуық тегін заңгерлік кеңес бершен. – Фронт-кеңселердің белсенді жұмысының арқасында адамдар рұқсат етілмеген 6 митингіден, жалғыз адамдық ондаған пикеттен, үш суицид пен бір аштық жариялаудан құтқарылды. Менің ойымша, бұл фактілер біздің жұмысымызға деген халықтың белгілі бір деңгейдегі сенімін көрсетеді. Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар бізге берген өтініштеріне объективті, ашық және ең бастысы сапалы қарайтынымызға сенді. Алдағы уақытта біз Президент Әкімшілігі фронт-кеңсесінің жұмыс тәжірибесін облыстарға енгізуді көздеп отырмыз», – дейді Данияр Рамазанұлы. Өткен жылдың 5-6 тамызында Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі базасында көшпелі қабылдау өтті. Сол жерде жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу алгоритмі жасалды. Содан кейін-ақ Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі жауапты мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартып, жаңа форматта жұмыс істей бастады. Бөлім жұмыс істеген бір жылдың ішінде қабылдауға 1 777 азамат келген, оның 700-і Президент көмекшісінің республиканың 9 аймағында болған қабылдауына келген екен. Ал 2019 жылдың 21 қарашасында Бөлім бастамасымен тұңғыш рет Бірыңғай қабылдау күні өткізілді. Ол күні орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер азаматтарды жеке қабылдады. Бірыңғай қабылдау күнінде республика бойынша қабылдау органдарына 14 мыңнан астам адам жүгініпті.Ұсыныс айтпай тұрып, ойланып алған жөн
Бөлім азаматтарды қабылдап, өтінішін қараудан бөлек, ай сайын мемлекеттік органдардың азаматтарды қалай қабылдайтынын да бақылайды. Егер мемлекеттік органдардың арасында азаматтарға арнап қабылдау өткізбейтін немесе азаматтарды қабылдауға тіркемей жатқаны туралы деректі анықтаса, бірден ол мәселені зерттеп, нақты шара қабылданады. Болашақта бұл тәжірибені де облыс әкімдіктері деңгейінде тарату жоспарланып отыр. Данияр Қадыровтың айтуынша, Бөлімге түскен өтініштердің 47 пайызы Алматы, Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келген. Олардың басым бөлігі (68,8%) коммуналдық қызмет, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және жер мәселелерін көтерді. – Бөлім жұмысы халықтың бәріне бірдей ұнайды десем, артық айтқан болар едім. Мысалы, кейде азаматтар кездесуді алдын ала тағайындау керек екеніне наразы болып жатады. Олар өздеріне ыңғайлы уақытта келе алмайтынына өкпелі. Бірақ мен өз тәжірибеме сүйеніп, азаматтарды қабылдау сол азаматтардың өзі мұқият дайындалып келген кезде ғана мағыналы болатынын айтқым келеді. Ал ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан көтеретін мәселені жақ-жақты зерделеп алса, өзі үшін пайдалы, – дейді ол. Ал халық өз өтініші ескерусіз қалады деп алаңдамаса болады. Себебі Бөлім өтініштерді қарау сапасын жақсартуға басымдық беріп отыр. Мысалы, электронды үкімет порталы арқылы немесе қағаз жүзінде түскеніне қарамастан, мемлекеттік органдар азаматтардың мәселелерін шешудің нақты тәртібі мен мерзімін белгілеуіне міндетті. Ал оны Бөлім бақылауына алған. Мәселен, егер бірнеше азаматтың өтініші бір-бірін қайталайтын болса, мүдделес болса, онда Бөлімнің қолдауымен мекемеаралық үйлестіру жүзеге асырылады, оның ішінде нақты проблемалар бойынша жұмыс топтары құрылады. Мұндай мысалды үлескерлер өтініштеріне қатысты келтіруге болады. Бұл ретте Бөлім қызметкерлерінің ұсынысы бойынша мемлекеттік органдардан бастапқы материалдарды қалпына келтіру және талдау тәжірибесі енгізілді. Әдетте, бұл инспекциялық хаттамалар, сарапшылардың пікірлері, отырыстардың хаттамалары, типтік келісімшарттар және т.б. Осылайша, мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау сапасын бағалау Бөлімге берілген жауапқа ғана емес, бірақ мемлекеттік органдар жүргізетін жұмыстардың барлық спектріне негізделеді. – Жоғарыда атап өткенімдей, қажет болған жағдайда өтініш берушінің сұрағы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауаптары бойынша құқықтық сараптама жүргізіледі. Сонымен қатар Бөлім қызметкерлері мемлекеттік органдардың дәлелдерін екі рет тексеру үшін өтініш берушілермен міндетті түрде байланысқа шығады. Тұрғындар өтінішіне негізделген мәселелер шешілген соң шағым жиі айтылатын құрылымның жұмысына шағын тергеу жүргіземіз. Себебі біз көтерілген мәселелердің түпкі себебін анықтауға тырысамыз. Сондайда көбіне-көп адами факторға тап боламыз, яғни біреу қызметіне немқұрайды қарайды, қателік жібереді, лауазымын теріс пайдаланады немесе мүлде әрекет етпеген болып шығады. Сондықтан біз формализм фактілерімен, қызметтік міндетіне немқұрайды қараушылармен де күресіп жатырмыз деп айтар едім, – дейді Данияр Рамазанұлы. Ең бастысы, Бөлім құрылғалы бері өткен бір жылда мол тәжірибе жиналды. Енді өңірлердегі тұрғындар өтінішін қарау жұмысын бастаған облыс әкімдіктеріндегі ұқсас бөлімдер де осындай фактілерді анықтауға және уақытылы жауап беруге жұмылдырылмақ. Бұл ретте Бөлімде қызметкерлерінің дағдысы, білімі мен тәжірибесі басқа мемлекеттік органдар арасында таратылатын әдіснамаға негіз етіп алынбақ.Президентті тойға шақыратындар бар
Бөлімге халықтан ерекше өтініштер де келіп жатады екен. Мысалы, Мемлекет басшысын үйлену тойына немесе баласының тұсаукесер тойына шақыратындар бар. Ал шетелдік азаматтар Президентке қолтаңбасы қойылған фотосуретін жіберуді өтінеді. Десе де, Бөлім қызметкерлері белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар ерекше назар аударуға лайық деп санайды. Олар экономиканың түрлі салаларын, туризмді, спортты, мәдениет салаларын дамытуға қатысты ұсыныс жолдап жатады. Бір қызығы, арасында кейде өз ұсынысынан бас тартатындар кездеседі екен. – Былтыр бізге аймақтық және өңіраралық туризмді дамыту туралы ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстардың өзектілігі мен оларды іс жүзінде іске асыру мүмкіндігін сараптап бағалау үшін ол өтінішті Мәдениет және спорт министрлігіне жолдадық. Министрлік өтініш авторын өз ұсынысы талқыланатын жиналысқа шақырды. Оның ұсынысы бойынша жұмыс тобы да құрылды, бірнеше рет басқосу өтті. Мұның бәрі бір айдан астам уақытқа созылды. Бір күні өтініш беруші бәрі осыншалықты ауыр болатынын және оның пікірі жоғары деңгейде талқыланатынын білмегенін айтып, хабарласты. Тіпті, ол өз ұсынысын оңай әрі жедел жүзеге асыруға болады деп ойлап қателескенін айтты. Сондықтан бізге қандай да бір ұсыныс жіберген болсаңыз, онда сіз жұмыс тобының құрамында жұмыс істеуге дайын жүруіңіз керек, – дейді Бөлім басшысының орынбасары. Бөлім жұмысы ресми сипатта дегендер қателеседі. Бөлімде небір қызық жағдайлар болып тұрады. Мысалы, былтыр қабылдауға кешігіп келген шетел азаматы вокзалдан күтіп алатын шағын сөмкесін алуға үлгермейтінін айтады. Бөлім қызметкерлері ол азаматтың сөмкесін күтіп алып, көмектесуді ұйғарады. Бірақ сөмкені алуға барғанда көлікке үлкен-үлкен 8 «қытай сөмкесін» тиеуге тура келіпті. Абырой болғанда, автокөлікте ол сөмкелерге орын табыла кеткен. Бөлім қызметкерлері арасында осындай өтініштерді орындай береді. Себебі олар үшін қабылдауға келген азаматтың әрқайсысы бағалы. Бөлім бүгінгі таңда пандемияға байланысты өтініштерді бейнеконференция арқылы қабылдап жатыр. Президентке өтініш айтушылар қарасы көп-ақ. Мысалы, маусым айында ғана Президент көмекшісі Тамара Дүйсенова еліміздің 7 өңірінен 55 адамды қабылдады. Бүгінгі қиын кезеңде өтініштердің арасында шұғыл шешуді талап ететіндерін сараптау күшейтілді және ол мәселені жедел түрде шешуге назар аударылады. Себебі Бөлімнің негізгі міндеті – осынау қиын кезеңде өтініштерді сапалы және уақытылы қарауды қамтамасыз ету.Халима БҰҚАРҚЫЗЫ