Бейне авторы оқиға Қазақстанда болғанын айтады. Ал видео болса WhatsАpp-мессенджерінде тараған.
Қолданушылар бұл анаконда екенін, ал видеео Алакөлге жақын жерде түсірілгенін айтқан. Оны біреу лақтырып жіберген болуы мүмкін. Видеоны ер адам көлігінде отырып түсірген.
[embed]https://youtu.be/lJhkNKYw10Y[/embed]
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті видеоға түсініктеме берді. Видео басқа елде түсірілген болып шықты. Бейнеге монтаж арқылы қазақша дауыс қойылған.
"Видеоға дауыс қойып, монтаж жасаған. Қазақстанда анаконда жоқ. Бұл кезекті қалжың болуы керек", - дейді комитет өкілдері.
Комитет өкілдері түпнұсқа видеоны ұсынды.
[embed]https://www.instagram.com/p/CBeNtFolALz/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]