Зейнетке шығу жасының өзгеретіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Зейнетке шығу жасының өзгеретіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Фото: Интернеттен алынды
314
оқылды
Қазақстандағы зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы хабарлама түсірілген скриншот әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тараған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Facebook қолданушысының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің суреті берілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпартты жоққа шығарды. «Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ» делінген министрліктің ресми хабарламасында.