«Құлдықтан қашып шыққанымда полиция көмектеспеді»  – 30 жыл құлдықта болғандар араша сұрайды
«Құлдықтан қашып шыққанымда полиция көмектеспеді»  – 30 жыл құлдықта болғандар араша сұрайды
Фото: Интернеттен алынды
294
оқылды
Телеарнаның хабарлауынша, Франс Семерда Украинадан Қазақстанға көшіп келген. Учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған, кейін кран жүргізушісі болған. Семерданың айтуынша, 1990 жылдары милиция формасындағы бандиттер оның құжатын тартып алған. Тұрғын олардың қоластында жұмыс істеуден бас тартыпты. Ал бандиттер оны құлдыққа салған. Ер адам 3 жыл құжатын қалпына келтірмек болған. Алайда одан нәтиже шықпаған.
«Олар мені Ерейментаудағы тауға апарды, 2 жыл тұрақтап, кейін қашып кеттім. Қояндыда 10 жыл, басқа жерде 7 жыл жұмыс істедім. Олар мені алдап, ақша төлеген жоқ. Полициядан көмек сұрадым. Олар маған «біз сізге көмектесе алмаймыз» деді. Кейін көше кезіп кеттім», – дейді Франс Семерда.
Владимир Саврухиннің құжатсыз жүргеніне 29 жыл болған. 1991 жылы Ресейден Қазақстанға келген. Алайда төлқұжатын жоғалтып алған. Тұрғылықты мекенжайы болмаса, төлқұжатты ретке келтіру мүмкін емес. Ер адам соңғы 10 жылда малшы болған.
«Олар тек сұрау салады, ешқандай жерден жауап жоқ. Содан бері өтініш берген жоқпын. Қазір құжаттар тапсырдым. Жұмыс тауып, істесем, еңбекақым төленбейді. Алдап кетеді», – дейді Саврухин.
Қазіргі таңда «Қорғау Астана» қоры құжатсыз қалған екі тұрғынның мәселесімен айналысып жатыр. Қордың жетекшісі Анна Рыль құлдықта болғандар одан ешқашан өз күшімен шыға алмайтынын айтады.
«Біз олардың құжаттарын №13 формасына тапсырдық. Сіз алдымен азаматтығын растау үшін өтініш бересіз немесе «азаматтығы жоқ» деген құжатты аласыз. Кейін тұрғылықты мекен жайын бойынша құжат алуыңыз керек. Алайда оны жасау мүмкін болмай тұр. Біз оны өз қорымыздың базасында істеп жатырмыз. Олардың айыппұл, баж салығын төлеуге ақшасы жоқ. Біз көмектесіп жатырмыз. Өкінішке қарай, жеке қаржыландыру жобалары жоқ», – дейді Анна Рыль.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Саврухин мен Семерданың жеке куәліктерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльмира Шауленованың айтуынша, Ресей Федерациясына азаматтардың туу туралы куәліктерін алу туралы өтініштер жіберілген.   https://youtu.be/CTfaRbNCQPM