Жасотандықтар «Шипа» жобасы бойынша 300 отбасыға дәрі-дәрмек таратты
Жасотандықтар «Шипа» жобасы бойынша 300 отбасыға дәрі-дәрмек таратты
297
оқылды
Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін Jas Turkistan еріктілер клубы мен аудандардағы "жасотандықтар" және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде.    width=  width= Nur Otan  партиясының Түркістан  облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында «Өмір»  және «Шипа»  жобаларын қолға алған болатын.  Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.    width=  width= Бүгін аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтілді.  Jas Otan  жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша,  ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.
«Бүгін  «Шипа» жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз.  Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде.  Біз осындай  қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, нұротандық депутаттарға,  демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол», – дейді ол.