Президент Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді
Президент Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді
232
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.