«Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының «Қазақ Емханасы» бастауыш партия ұйымы Нұр-Сұлтан қаласындағы көмекке мұқтаж 10 жанұяға көмектесті. Олардың қатарында көпбалалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар және жалғызбасты зейнеткерлер бар.
Азық-түлік қорабында күнделікті тұрмысқа қажетті медициналық маска, ұн, май, күріш, макарон, шай, қант, печенье жинақталған.
Аталған акция мақсаты – қиын жағдайда мұқтаж жандарға колдау көрсетіп, жұдырықтай жұмылып әрекет ету.
Акция жаршысы «Қазақ Емханасы» БПҰ басшысы Толқын Ақанұлының өзі де белсене атсалысып, мұқтаж жандарға азық-түлік қорабын табыс етті.