"Алматы облысы Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сәйкес, 23 шілде сағат 00:00-ден бастап 2 тамызға дейін "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған" делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Бұған дейін карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынған еді.