Белгілі болғандай, өгей әке мен өгей бала арасындағы түсініспеушілік бұған дейін де болған. Ал бірге ішкен ішімдіктің соңы қайғылы оқиғаға әкеп соққан. Бұл жайында Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері адам өлтіруге оқталу дерегін "ізін суытпай" ашты. Іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол мас күйде өгей әкесіне пышақ ала жүгірген. Содан М. есімді азамат пышақты қарсыласының мойын тұсына жарақат салған. Жарақат аз деп ойлап, ол содан кейін қаша жөнелген құрбанының арқасына тағы да бірнеше рет соққы жасап үлгерген.
"Өгей әке мен өгей ұлы арасындағы жаға ұстасу ішімдіктен басталды. Соңында ұлы пышақпен жүгіріп, дене жарақатын салу дерегімен аяқталды. Бұл қылмыстық әрекет Талғар ауданының Гүлдала ауылында 21 шілдеге қараған түні сағат 01.30-да орын алды. Полицияға жедел ақпаратты оқиға болған үйдегі айғай мен шуға алаңдаған көршілері хабарлаған", - деді Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Қасым.
Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталу ретінде сараланды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.