Өлімнен аман қалған 10 жастағы бала
Өлімнен аман қалған 10 жастағы бала
©Сурет интернеттен алынды
196
оқылды
Түркістан облысы Келес ауданында 10 жасар бала өзен суына ағып кеткен. Ағысы қатты Келес өзенінде жасөспірімді байқап қалған тұрғындар полицияға қоңырау шалған.  Полицейлердің анықтауынша, күндізгі сағат 11:30 шамасында Келес өзенінде шомылып жүрген жасөспірімді судың қатты ағысы алып кеткен. Сол уақытта өзен жағасында жүрген полицияға көмектесуші волонтер Еркеғали Ташанов баланы көріп қалып, шұғыл әрекетке көшеді. Ол тез арада суға сүңгіп, су түбіне кетіп бара жатқан жасөспірімді су бетіне алып шығады. Осылайша, ерікті азамат ерлік көрсетіп, жас баланың өмірін аман алып қалған. Өлім аузынан қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол аудандық ауруханаға жеткізілген. Өз кезегінде балаларына қайта өмір сыйлаған еріктіге жасөспірімнің туған-туыстары шынайы алғысын жеткізді.