Жалған диплом сатумен айналысатын сайт анықталды
Жалған диплом сатумен айналысатын сайт анықталды
© сурет интернеттен алынды
450
оқылды
Жалған диплом сатумен айналысатын тағы бір сайт анықталды. Бул туралы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Біз интернетте диплом сататын ресурстарға әрдайым мониторинг жүргізіп отырамыз. Оларды тапқан кезде бірден дабыл қағып, арнайы органдарға жібереміз. Осылайша домен өшіріледі. Жарнама жарқыраған әдемі дипломдарды, бағаларды, қандай да бір аккредитацияларды көрсетеді. Достар, абай болыңыздар», - деп жазды ол.
Рүстем Биғаридің жазбасында көрсетілгендей, бұл - Diplomas Universities of Kazakhstan немесе kmiparasat.kz атты сайт болып шықты.
«Елімізде жоғары оқу орындары беретін дипломның бәрі тіркеледі. Бүкіл диплом біздің базада сақталады. Адамның дипломының шын-өтірігін анықтау қиын да емес. Алаяқтардан абай болыңыздар», - деп жазады Рүстем Биғари.