Өскеменде жасотандықтар дәрігерлерге алғыс айтты
Өскеменде жасотандықтар дәрігерлерге алғыс айтты
Фото: Дәурен Аллабергенұлы
460
оқылды
Шараның басты мақсаты – Covid-19 пандемиясы кезінде үздіксіз еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қолдап, қажетті азық-түліктер салынған «Алғыс пакеттерін» табыстау, дәрігерлерге зор құрмет пен ыстық ықылас білдіру.    width= – Дәрігерлердің рұқсатымен дайындалған бұл пакеттерде дәрумендерге аса бай жеміс-жидектер мен иммунитетті көтеретін, денсаулыққа пайдалы азық-түлік өнімдерінің он түрін салдық. Себебі, қазіргі уақытта індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс пакеттерін табыстау басты мақсатымызға айналып отыр. Аталмыш қораптарды дайындауға облыстық, қалалық мәслихаттағы Зарина Айдарханқызы, Әлия Нарбекқызы және Әли Думанайұлы сынды депутаттарымыз бен Сырым Бейсенұлы сынды азаматтар акцияға қатысып, белсенділіктерін көрсетіп жатыр. Азық-түліктер салынған қораптарды Jas Otan жастар қанатының белсенділері осы облыстық филилдың ішінде дәрігерлерге апарып табыстау үшін дайындап шықты, қазір апарып табыстаймыз, – деді Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Виленұлы.    width=  

300-ге дейін азық-түлік пакеті тапсырылмақ

Алмас Виленұлының айтуынша, қазір Өскемен қаласында 92 дәрігер мен 153 мейірбике індет жұқтырған тұрғындарды емдеп шығаруға күш салып жатыр. Алдағы уақытта ақ желеңді абзал жандарға 300-ге дейін азық-түлік пакетін дайындап, табыстау жоспарланған. Мұнан соң жасотандық жастар мен еріктілер мінген арнайы автобус қаланың 19 тұрғын ауданында орналасқан «Ана мен бала орталығының» былтыр іске қосылған жаңа ғимаратын бетке алды. Бұл жерде оларды кезекті ауысымнан шыққан жиырмадан астам дәрігерлер мен медбикелер тиісті арақашықтықты сақтай отырып қарсы алды. – Құрметті, дәрігерлер! Бүгін республикалық акцияға үн қосып, адамдардың өмірін сақтап қалу жолында еңбек етіп жатқан Сіздерге алғысымызды айту үшін әдейілеп келіп тұрмыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Ең бастысы, өздеріңіз де аман-сау болыңыздар. Тезірек бұрынғы қалпымызға оралайық, – деді Алмас Виленұлы.
 – Бүгін жұмысымызға келіп, жылы сөздерімен қолдау білдіріп, азық-түлік пакеттерін сыйлап жатқан партияның жастарына ұжым атынан үлкен рахмет айтамын. Тек азық-түлік емес, сонымен қатар алқызыл раушан гүлдерін де ала келіпті. Көңіліміз көтеріліп қалды.  Қазіргі қиын жағдайды жеңіп шығуға бар күшімізді саламыз, – дейді инфекциялық орталықтағы аға мейірбике Қазима Рахметова.
Байқағанымыздай, елімізге тараған қауіпті індетпен күрестің алғы шебінде жүргендер арасында жас дәрігерлер де өте көп екен.    width=  width= – Мен осында жұмысқа кіргеніме бір жылдан асқан жас маманмын. Инфекциялық бөлімшеде жұмысқа кіріскеніме үшінші күн. Басында аздап қорқыныш болғанымен, тез үйреніп кеттім. Мұнда қорқып отыруға уақытта жоқ, жұмыстан басқа ештеңені ойламаймыз. Баршамен бірге мен де індетті жеңуге, науқастарды сауықтыруға үлесімді қосқым келеді. Бізге қолдау білдіріп жатқан партия өкілдеріне, жасотандық жастарға рахмет, – дейді орталықтағы жалпы тәжірибе дәрігері Қайсар Ерболов.    width=
– Бұл жаңа ғимаратта бүгінде инфекциялық стационар орналасқан. Мұнда коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар ем алуда. Оларды емдеуге күш салып жатқан дәрігерлер үш ауысымда жұмыс істеп жатыр. Кезекті ауысымнан шыққандары бүгін міне Сіздермен кездесуге келіп тұр. Осындай қолдау білдіріп, ізгі тілектерін арнап жатқан Nur Otan партиясына, оның жанындағы Jas Otan жастар қанатына алғы шептегі дәрігерлер атынан үлкен рахмет айтамын. Біз бұл індетті жеңіп шығамыз. Себебі, біздің артымызда мемлекет, басында Елбасы тұрған Nur Otan партиясы, облыс басшылығы тұр. Біз шын мәнінде күн сайын өзімізге көрсетілген қамқорлық пен қолдауды сезініп отырмыз. Күн сайын бізге банк қызметкерлері, кәсіпкерлер, кәсіпорындар өкілдері азық-түлік, қажетті заттар, төсек орындар әкеп жатыр. Тіпті, қарапайым адамдар келіп, «Сіздерге нендей көмек қажет, не әкеліп берейік» деп сұрайды. Бұл бізге үлкен қолдау. Біз біргеміз, әрқашан, – дейді «Ана мен бала орталығының» бас дәрігері Ермек Омарбеков.  
   width= Естеріңізде болса, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының облыстық филиалы «Алғыс қораптарын» табыстау акциясын Семей қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет етіп жатқан дәрігерлерге арнап ұйымдастырған болатын. Іс-шараның соңында жасотандықтар мен дәрігерлер «Біз біргеміз!» «Мы вместе» деп ұрандатып, барша қауымды қазіргі індетті бірлесіп күш сала отырып, жеңіп шығуға шақырды.

Көкпекті ауданы

 Сонымен қатар бүгін Шығыстың бірқатар аудандарында дәрі-дәрмектердің бар-жоғына және бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.    width= Мәселен, Nur Otan партиясы Көкпекті аудандық филиалының қызметкерлері және партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Рауия Наурызбаева аудандағы ыстықты түсіретін және вирустарға қарсы дәрі-дәрмектердің дәріханаларда бар-жоғына мониторинг жүргізді. Рейдтің барысында дәрілердің орташа бағаларына ерекше көңіл бөлінді. Мониторинг дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі өз шешімін тауып келе жатқандығын көрсетті.

Алтай ауданы

Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың бастамасымен, аудан кәсіпкерлерінің белсенді қолдауымен жұқпалы аурулар ауруханасында және провизорлық бөлімде пациенттерді қосымша тамақтандыру үшін тамақтандыру блогына азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде дертке шипалы қымыз, жеміс-жидек те мол.    width= Nur Otan партиясы депутаттық фракциясы мен еріктілер қажетті өнімдердің тиімді таратылуын күн сайын бақылауда. Пневмониямен және Covid-19-бен ауыратын науқастарды барлық қажетті құрал-жабдықтармен, тез қалпына келтіруге арналған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Сондай-ақ, қаладағы тұрмыстық техника мен электр тауарларын сататын дүкендердің иелері уақытша ауруханаларда тұратын медициналық қызметкерлердің тұрмысын жақсарту үшін материалдық тұрғыда көмек көрсетіп жатыр. Айталық, «Комфорт» (В.Дериглазов), «Былина» (Е.Щеглов), «Электромир» (А.Фоминых), «Добрострой» (Ю.Токарев) дүкендерінің иелері кір жуатын машинаны, термопотты, желдеткіштерді, электрмен жабдықтауға арналған керек-жарақтарды алып берді.  

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан