Бұл жайында облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов хабарлады.
«22 шілде күні Ақтөбе қаласында белгісіз ер адамның жасөспірім қызды зорлап, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы күш қолданғаны анықталды. Көп ұазамай бұрын бірнеше рет сотталған 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды . ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлімі, яғни, «Зорлау» және 121-бабы 4-бөлімі «Көрінеу жас балаға қатысты жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің шілде айында дәл осындай сексуалдық зорлық көрсеткені анықталды», - деді ол.
Айта кетейік, екінші іс бойынша да Қылмтыстық кодекстің «Зорлау» бабымен іс қозғалған.