«Nur Оtan» партиясының аудандық филиалы мен "Шабыт" бастауыш партия ұйымы "Дәрігерлерді қолдаймыз" акциясына қатысты.
Отандастарымыздың өмірін сақтап қалу үшін аянбай қызмет етіп жатқан 60 медицина қызметкеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек, жеміс-жидектер салынған себеп сыйға тартылды.
«Nur Оtan» осындай қиын кезеңде ақ халатты абзал жандарды, мұқтаж отбасыларды назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Бұл вирусты бірліктің арқасында жеңіп, қиындықтан бірге шығамыз.