1,6 млн адам 42 500 теңгеден алды
1,6 млн адам 42 500 теңгеден алды
фото: ашық дереккөз
286
оқылды
25 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,1 млн-ға жуық өтініш қабылданды. Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде: – 804,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 521,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 249,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 524,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санат бөлінісінде: – 804,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 150,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 144 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды.