Педофилді жазалау жолдары қандай?
Педофилді жазалау жолдары қандай?
695
оқылды
Статистикалық деректер Таяуда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жоғалған 5 жасар бала көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылды. «Балаға қорлық көрсетті» деп айыпталған күдікті сол пәтердің 62 жастағы иесі. Қылмыс кезінде қасында тағы бір адам болған. Қазір осы іске байланысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Осы ретте, zakon.kz порталында шыққан статистикалық мәліметте биылғы жыл басында бала зорлау фактісі бойынша 39 адам сотталғаны туралы ақпарат бар. 2018 жылы Қылмыстық кодекстің 120.4, 121.4, 124 баптары бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыс жасағаны үшін 145 адам сотталған. Оның ішінде шартты түрде сотталғандары жоқ. Бас бостандығынан айырылғандар саны 141 немесе 97,2 %. Педофил Былтыр жоғарыда аталған баптар бойынша 151 адам сотталды. Өткен жылы да шартты түрде сотталғандар жоқ. Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша бас бостандығынан 2 адам шектелген. Бас бостандығынан айырылғандардың үлесі − 98,7%. Педофил Белгілі болғандай, 2020 жылы сот шешімі бойынша 87 сотталушыға химиялық кастрация жасалады. Тізімнің басында Қарағанды облысы (14), Шығыс Қазақстан облысы (10), Ақтөбе облысы (9), Павлодар облысы (9) тұр. Былтырғы жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдарында бір жарым мыңға жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы есепте тұрған. Осындай статистиканы «Хабар 24» телеарнасы келтірді. Қазір республикалық түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 1600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті педофилдер туралы деректердің электрон картасын бірнеше жыл бұрын ұсынған болатын. Онда аймақтар мен қылмыс жасау мерзімдері бойынша ақпарат ашық жарияланған.   Жазадан құтылмайды... Осы айда тоғыз жастағы бүлдіршін қыз сексуалдық сипаттағы қылмыстың құрбаны болды. Ал ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады. Қызылорда полициясы ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты тұтқындады. «Он алтыншы шілдеде белгісіз біреу тоғыз жастағы қызды зорлап, оқиға орнынан бой тасалаған», – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті. Күдікті жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Биылғы ақпан айында Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2006 жылғы қызды өгей әкесі мен туған шешесі қорлық көрсетіп, зорлап келгені туралы мәлімдеген еді. Жарты жылдай зорлық көрген қыз мәселенің мән жайын алдымен өзі таныстарына айтыпты. Бұл ақпарат бірден құқық қорғау органдарына хабарланып, қаскөйлер қамауға алынады. Тергеушілер оларды тек сексуалдық қылмыс жасағаны үшін ғана емес, сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдар жасау немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауыққа қатысу» бойынша да айыптады. Сот шешімімен қыздың өгей әкесін 21 жылға, шешесін 16 жылға жазасын күшейтілген режимде өтеу туралы шешім қабылданды. Өткен жылы Жамбыл облысында 25 жастағы жігіт 3 жасар қызды зорлаған. Күдіктіні ауыл тұрғындары ұстапты. Куәгерлердің айтуынша, 3 жасар қыздың жанды дауысын аулада ойнап жүрген балалар естиді. Кейінірек дауыстың көршінің үйінен шыққаны белгілі болады. Ауыл тұрғындары есікті бұзып жатқанда, ол терезеден қашып кетуге тырысты. Алайда оны ұстап алып, бағанға байлап, полиция шақырады. Куәгерлердің айтуынша, үйдің іші қанға боялған. Қаскөй 20 жылға сотталды. Зардап шеккен тарапқа моральдық өтемақы ретінде 3 миллион теңге төлеген. Былтыр Батыс Қазақстан облысында тамыз айында төрт және бес жасар екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шыққан. Кішкентай қыздардың бірі әкесіне болған жайтты айтып берген. Бүлдіршіндерге зорлық көрсеткен жігіт жақында әскерден оралған екен. Оған дейін бұзақылық жасап көзге түскенін полиция қызметкерлері анықтаған.   Ең ұзақ мерзім 15-20 жыл аралығы Бүгінгі күні бұндай оқиғалар жиі орын алап отыратыны жасырын емес. Жылдан жылға педофилдерді жазалаудың жолдары да қатаңдап келеді. Қазақстанда 2000 жылға дейін зорлық жасау фактілері бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 3-5 жыл аралығында болған. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін қолданылатын жаза 2010 жылы қатаңдады. Бұл жолы ең ұзақ мерзім 15 жылдан 20 жыл аралығы деп белгіленген. Кейіннен жаңа Қылмыстық кодексте педофилдердің белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы бап қосылды. 2018 жылы педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы шешім қабылданды. Алайда, бұл қатаң шарамен жағдай оңалып кетпейді. Дәрігерлердің айтуынша нәтижелі болу үшін науқас терапияға келісім беріп, тұрақты қабылдауы керек. Химиялық піштіру кезінде адамның денсаулығы үнемі бақылауда болып әрі психотерапиялық жәрдем көрсетіледі. Зертханалық тексеру жарты жылда бір рет жүргізіліп, ағзадағы гормон деңгейі анықталады. Химиялық піштіруді әрі қарай жалғастыру немесе тоқтату шешімін қабылдау үшін комиссиялық тексеру жүргізілуі тиіс. Педофил Әлем елдері педофилді қалай жазалайды? Чехияда педофилдер хирургиялық жолмен кастрацияланады. 30 жыл ішінде 115-ке жуық адамға хирургиялық кастрация жасалған. Бұл елде кастрация жасаудың бекітілген шарты бар. Мысалы, сот зорлық жасаған адамды кінәлі деп тауып, ол түрмеде жазасын өтейді. Жазасын өтеу мерзімі өткеннен кейін дәрігерлер мен сот оның қоғамға қауіпті емес екендігі туралы шешім қабылдауы керек. Онсыз түрмеден шықпайды. Мерзімін өтегеннен кейін психологиялық ауытқуы бары анықталса, арнайы емдеу орындарында қанша жыл болса да емделеді. Ұзақ жыл емделуге келіспегендер хирургиялық кастрация жасауға келісім беріп, сосын еркіндікке шыға алады. Польшада 2009 жылдың қыркүйегінен бастап фармакологиялық кастрация қолданылады. Заңға сәйкес, педофилді емдеу қажеттілігі туралы шешімді сот оны түрмеден шыққанға дейін алты айдан кешіктірмей шығарады. Егер 15 жасқа дейінгі жасөспірім немесе туысы педофилдің құрбаны болса, ер адам міндетті химиялық кастрациядан өтеді. Германияда әртүрлі деректерге сәйкес 50000-250000 арасында педофилдер бар. Жыл сайын 15 мыңға жуық бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бірақ бұл полицияға хабарланған жағдайлар ғана. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстары үшін 6 айдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Францияда химиялық жолмен піштіру әдісі 2005 жылдан бері қолданылады. Шешімді  судья мен емдеуші дәрігер арасында делдал функциясын атқаратын психиатр-үйлестіруші қабылдайды. Педофилдерге таңдау беріледі – химиялық кастрацияға келісу немесе психиатриялық аурухана қабырғасында мәңгіге қалу. АҚШ-та 1990 жылдары күшіне енген мәжбүрлі түрде кастрация заңы бар. Соған сәйкес, егер сотталған адам түрмеден шыққаннан кейін жыныстық қылмыстарға қайталанса, сот химиялық кастрация жасауға бұйрық бере алады. Калифорния штатында алғаш рет педофилге осындай жаза қолданылған. Онда педофил 13 жасқа толмаған балаға зорлық көрсеткен болса, түрмеден шыққаннан кейін химиялық кастрация міндетті түрде жасалады. Жазаның бұл түрі 1997 жылдан бастап Техас штатында да ерікті түрде өткізіліп келеді. Америкада қауіпсіздік шарасы ретінде жыныстық құқық бұзушыларға электронды бақылау, электрондық білезік енкізілген. Ұлыбританияда 2008 жылдың тамыз айынан бері жазасын өтеп шыққан педофилдерге қатысты ерікті түрде химиялық кастрация жасау көзделген. Оған дейін психологиялық қолдау бағдарламалары көрсетіліп келген. 2004 жылы Израиль арнайы медициналық дәрі-дәрмектің көмегімен педофилдерге химиялық кастрация енгізді. Израиль Денсаулық сақтау министрлігі мен түрме әкімшілігінің пилоттық жобасы аясында кастрация педофилиямен сотталып түрмеде жазасын өтеп жатқан адамдар қабылдады. Бұл препарат ағзадағы тестостерон өндірісін басатын кез-келген жыныстық шақыруды, соның ішінде бұрмалануды азайтады. Сонымен қатар, препаратты қабылдау, кейде болса да, қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, остеопороз және басқа да аурулар сияқты елеулі жанама әсерлерге ие.   Өлім жазасы Иранда дарға асу немесе ату жазасы арқылы жұрт алдында өлім жазасына кесіледі. Солтүстік Кореяда педофилді өз құрбаны өлтіреді. Үндістанда 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлаған педофилдер үшін өлім жазасын енгізді. Мысырда сотталғандарды жұрт алдында дарға асады. Қытайда педофилдің баланы зорланғаны дәлелденсе, бірден өлім жазасына кеседі. Сондай-ақ сот шешімімен физикалық кастрация жазасы да белгіленуі мүмкін.

Ақпарт ашық дереккөздерден алынды. Еркежан АЙТҚАЗЫ