Чили президенті Себастьян Пиньера осындай заңға қол қойды.
Билік COVID-19 инфекциясының салдарынан пайда болған экономикалық жағдайды осылайша жеңілдетпек. Зейнетақы жинағының 10%-на дейін алуға рұқсат етілді. Алайда бұл қолдау зейнетақы жүйесінде салымы жоқ адамдарға, ескі жүйемен зейнетке шыққандарға, Қарулы Күштер қызметкерлеріне және полицейлерге қатысты емес. inbusiness.kz Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша елде 341 мың адамнан COVID-19 анықталып (әлем бойынша 8-орында), 8,9 мың адам қайтыс болғанын жазады.