Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды
Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды
фото: ашық дереккөз
451
оқылды
Академик Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден өтті. Марқұмның туған-туыстарының айтуынша, ғалымның асы мен өзге де іс-шаралары бір жылдан кейін өткізіледі. Бұл - марқұмның өсиеті. Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев  1938 жылы Қостанай облысының Жангелді ауданында туған. Экономика ғылымдарының доктор, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы. Ол Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орнын басқарған. Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті , Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған. Парламенті Мәжілісінің үшінші және төртінші шақырылымының депутаты болып сайланды.