Тастанды қазақ баласы ата-анасын Facebook арқылы тауып алды
Тастанды қазақ баласы ата-анасын Facebook арқылы тауып алды
фото: Facebook
151
оқылды
Тайлер Блоттер есімді қазақ баласы Қазақстанда  балалар үйінде болып, оны кейін американдық отбасы асырап алған. Тайлер анасының тегімен аттас әр адамды іздеп жеке хат жолдаған, сөйтіп өзінің туған ата-анасын Facebook арқылы тапқан. «Тайлер Блоттер Қазақстаннан бала кезінде асырап алынған және ағалары мен апалы-сіңлілерімен байланысын жоғалтқан. Оған Ерқанат Тасыбаев көмектесті, ол Талғаттың (Тайлер Блоттер) отбасын Павлодардан бірнеше сағаттың ішінде тауып алды», - делінген  Қазақстан-Американдық қауымдастығының ақпаратында. АҚШ-тың Мичиган штатында өскен жігіттің айтуынша асырап алған отбасы оған көп нәрсе үйреткен. Бірақ мектепте ата-анасына ұқсамайтынын айтып қорлау оқиғалары жиі болған айтады.