Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Нұр-Сұлтанда күр күркіреп, найзағай жарқылдайды.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз өңірдің оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні нөсер кезінде 18 м/с жетеді.
Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Павлодар қаласында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы нөсер кезінде 18 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.