Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар санының тәуліктік өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар санының тәуліктік өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді
© сурет интернеттен алынды
5,261
оқылды
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданған шаралардың арқасында қазір COVID-19 жұқтырғандардың бір тәуліктегі өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ, коронавирустан сауығып кеткен пациенттердің саны 63 пайызға артқанын атап өту қажет. Елімізде COVID-19 шалдыққан науқастар қатары кезең-кезеңмен азаюда. Енді бір рет пайдаланылатын медициналық үш қабатты масканың бөлшек саудадағы бағасы 85 теңге болады. Қыркүйек айына дейін алғашқы желі қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарының резерві жасақталады. Қосымша 41 млн.маска, 27 млн. қолғап және 379 мың қорғаныш костюм, сондай-ақ 1,2 млн. ПТР тест сатып алынады. Қазір зертханалардың  қуаты жедел  артып келеді. Тәулігіне 32 мың тест жасай алатын 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Биыл 1 тамызға қарай зертханалардың қуаты тәулігіне 35,6 мыңға, 1 қыркүйекке дейін тәулігіне 64 мыңға жетеді. Бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарларда 1 958 ӨЖЖ аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп қосымша 4 183 аппарат, сондай-ақ 21 мыңнан астам оттегі концентраторы мен пациенттерге оттегі беру үшін медициналық газ қамтамасыз ететін жүйелер сатып алынады. Осылайша, қабылданған кешенді шаралар  медициналық көмектің сапасын айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.