– Осы көшеде тұрғаныма 45 жыл болды. Биыл ауламыз абаттанып, асфальт төселеді дегенде қатты қуандық. Дегенмен жұмыс баяу жүріп жатыр. Екінші топ мүгедегімін, қиыршық тастың үстімен жүру қолайсыз, тезірек асфальт төселіп, жұмыстың бітуін қалаймыз, – деді ол.Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірлесіп, мән-жайды анықтады. Мамандардың айтуынша, жұмыс жоспарға сәйкес уақытылы жүріп жатыр. 2020 жылдың қыркүйек айында барлық құрылыс толық аяқталуы тиіс. Тұрғындардың уәжін тыңдаған комиссия мүшелері жұмыс қарқынын бақылауға алып, жүйелі түрде қадағалатынын баяндалады.
Мадияр ТӨЛЕУ