Қазақстанда COVID-19 индикаторлары бойынша өңірлер арасындағы кезекті аралық рейтинг өтті.
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, облыс 18 көрсеткіштің 16-сына қол жеткізген.
Күн сайын өңірлердегі жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін анықтау үшін 17 индикатор бойынша мониторинг жүргізіледі. Бұл индикаторлардың арасында тек қана COVID-19 сырқаты бойынша ғана емес, сонымен қатар тестілеумен қамтылған халықтың саны, COVID-19 сырқатын анықтауға арналған тестілеудің тиімділігі, реанимациялық бөлімшелердегі орындардың толықтығы, ауруханалардағы орындар қорының жай-күйі және т.б. мәліметтер де қамтылған.
Бұдан өзге халықтан түскен арыз-шағымдардың уақытылы қаралуы, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша шараларды халықтың жағымсыз жағынан қабылдауының деңгейі жөніндегі пункттер де бар. Осы индикаторлар бойынша Маңғыстау облысы «жасыл» деңгейге қол жеткізіп отыр.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында екі инфекциялық аурухана бар. Мұнайлы өлкеге 200 керуеттен тұратын тағы бір аурухана қажет.