Солтүстік Қазақстан, Семей, Павлодар, Қарағандыда нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Солтүстік Қазақстан, Семей, Павлодар, Қарағандыда нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
427
оқылды
Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жаңбыр жауады. Бірқатар аумағына найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерді жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ жауы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Көкшетауда найзағай ойнайды. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы бірқатар аумата секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, күшті жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына күндіз 18 метрге жетеді. Жезказганда күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда найзағай ойнауы мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метр болады. Өскемен қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.