Ерлан Саиров: Елімізде саяси ландшафт өзгеріп жатыр
Ерлан Саиров: Елімізде саяси ландшафт өзгеріп жатыр
443
оқылды

– Елбасы Nur Otan партиясы жиынында блогерлік туралы сөз қозғады. Бұл еліміздегі саяси ландшафттың өзгеріп келе жатқанын, билік партиясының әлеуметтік процестерге сай болуға тырысатынын көрсетсе керек. Саяси кеңесте халыққа жақын болу, елдегі әлеуметтік мәселелерді ұтымды шешу жөнінде айтылды. Бүгінгі қоғамның негізгі сұранысы – саяси модернизация мен қоғамдық процестерді либерализациялау екені белгілі. Партия осындай трендтерге сәйкес болуы керек деп есептеймін. Мұны партияның жоғарғы менеджменті де жақсы түсінеді. Бұл мақсатқа жетудің құралдары көп, әрине. Мәселен, еліміздегі ең түйткілді мәселелердің бірі – жастарды әлеуметтендіру. Одан бөлек, биліктің халыққа жақын болуын қамтамасыз ету мәселесі бар. Менің ойымша, шынайы саяси өзгерістерге жетелейтін осындай негізгі трендтерге сәйкес болу – бүгінгі күннің басты талабы.