Үкімет басшысы карантин талаптары біртіндеп жеңілдейтінін айтты
Үкімет басшысы карантин талаптары біртіндеп жеңілдейтінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
320
оқылды
«Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды», – деді Премьер-министр. Ауруханалардағы төсек-орын жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Ай қорытындысы бойынша жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға түскен.
«Барлық өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», – деді Асқар Мамин.