Марат Шибутов, саясаттанушы: Фракция депутаттары шенеуніктерді сынап, отставкаға жібере алады
Марат Шибутов, саясаттанушы: Фракция депутаттары шенеуніктерді сынап, отставкаға жібере алады
400
оқылды

– Nur Otan партиясы классикалық функциясын күшейтуі керек. Яғни, әдеттегі партиялық жұмысты барынша оңтайландыру қажет деп есептеймін. Тамыздың 21-і күні партия жұмысын модернизациялау бойынша ұсыныстар жасалады. Содан кейін алдағы уақытта партия жұмысына қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар енетіні белгілі болады. Өз атымнан партия қызметіне қатысты екі мәселені атап өткім келеді. Біріншіден, партия өз құзыретін толық пайдаланбай отыр деп ойлаймын. Мысалы, Парламентте Nur Otan партиясының басым орынға ие екенін білеміз. Ендеше партия атынан сайланған депутаттар кез келген әкімнің немесе министрдің жұмысын сынап, отставкаға жібере алады. Екіншіден, партияның бастамасымен жүзеге асқан игі істер мен жетістіктерді халыққа дұрыс жеткізіп, насихаттау тиімді ұйымдастырылмаған. Осы екі мәселе шешімін тапса, партия жұмысында оң өзгерістер болады деп сенемін.