Айта кетейік, мұнда 70-ке жуық дәрігерлер мен медбикелер үш апта бойы үйлеріне бармай арнайы бөлінген жатаханаларда жатып, COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде.
Бұл игі іске партияның белсенділері мен жақтастары қаржылай көмек көрсеткенін атаған абзал.
Мұндай қолдау алдағы уақытта жұқпалы аурулар бөлімшелері бар басқа ауруханалардың медицина қызметкерлеріне де көрсетілетін болмақ.
Жасотандықтар бетперде таратты
Сонымен қатар бүгін Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының облыстық филиалындағы жастар қоғамдық орындарда кезекті рет бетперделер таратты. Нақтырақ айтсақ, бұл игі шара облыс орталығындағы арбатта ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперде тағуын жүйелі жүзеге асыру, қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Бородулиха ауданы
"Nur Otan" партиясы Бородулиха аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мирагүл Бабақанова партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мейрамгүл Атаевамен бірге аудан орталығында орналасқан дәріханаларда коронавирустық инфекциямен күреске ұсынылған дәрілік препараттардың, олардың аналогтарының болуына, сондай-ақ осы препараттардың бағасына арнайы рейд жүргізді.
Рейд нәтижесі вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер бар екенін көрсетті, дәріханаларда кезек байқалмайды. Медициналық препараттардың екіден көп емес бумасын бір қолға босатуға қатысты түсінік жүргізілді. Дәріханалардың сатушылары мен иелеріне бағаны көтеруге жол берілмейтіндігі туралы ескертілді.
Дәурен Аллабергенұлы,
Шығыс Қазақстан облысы