Бірнеше облыста дауыл соғып, жаңбыр жауады
Бірнеше облыста дауыл соғып, жаңбыр жауады
Фото: Интернеттен алынды
605
оқылды
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық қысымның әсерінен найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстікте антициклон жотасының әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерінде – тұман түсуі мүмкін. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстрының кей жерлерінде – дауыл соғады, бұршақ жауып, желдің күшеюі мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Атырау, Қызылорда облыстары, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.