Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Коронавирусқа шалдығып, үйінде емделгендерге дәрі тегін беріледі

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясы бойынша үйінде емделіп жатқан пациенттер тегін ала алатын дәрі-дәрмек түрлерін айтты.

Нұрбек БАҚЫТ
Шілде 29, 2020
Жаңалықтар, COVID-19, Әлеумет
дәрі, коронавирус, ем, Людмила Бюрабекова

Фото: Интернеттен алынды

349
қаралым

Ол Facebook парақшасында: «COVID-19 – жаңа коронавирус инфекциясы бірнеше айдың ішінде біздің өмірімізді түбірімен өзгертіп жіберді. Өз-өзімізді оқшаулауға, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйрендік. Өзіміздің бойымыздағы ауру белгілеріне жіті мән беріп, қашықтықты сақтап, ауру белгісі жоқ болған жағдайда да өзге біреуді жұқтырып алуымыз мүмкін екенін сезініп, басқа адамдар алдындағы жауапкершілікке түйсіне бастадық», – деп жазды вице-министр.

Вице-министр әр азамат өз денсаулығын күтуі керегін айтты.

«Ауру көбінесе жеңіл және орташа жағдайда өткенімен аурудың жеңіл өтіп, күрделі жағдай болып кетпеуі үшін ағзаны медикаментозбен қолдап отыру керек. Денсаулық сақтау министрлігінің сапа мен медициналық қызмет бойынша біріккен комиссиясы КВИ-ды диагностикалау мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде өткеретін пациенттер үшін 5 препарат енгізді. Бұл қабынуға қарсы препараттар – парацетамол мен ибупрофен, ривароксабан, апиксабан мен дабигатран секілді антикоагулянттар», – деп жазды ол.

Азаматтар амбулаториялық деңгейде бұл препаратты тегін алуы үшін бірқатар нормативті құжатқа өзгерістер енгізілген. Аталмыш препараттар амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне, (ҚР ДСМ №666 бұйрығы), Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттардың тізіміне кірген.

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

Бұдан былай коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандар қажылыққа бара алмайды

Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емдеу үшін түпнұсқадағы Байер (Ривароксабан) компаниясының Ксарелто, Пфайзер (Апиксабан) компаниясының Эликвис, Берингер Ингельхайм (Дабигатран) компаниясының Прадакс антикоагулянтын сатып алу бойынша өндірушімен келісссөздер жүргізілуде.

Аймақтар осы препаратты алу үшін өтінім беріп қойған. Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор сатып алу процедурасын жүргізуде. 10 күннен кейін препараттар амбулаториялық деңгейде КВИ-дан емделіп жатқан пациенттер үшін қолжетімді болады. Людмила Бюрабекованың айтуынша, науқастар бұл препараттарды тұрғылықты жерде тіркелген емханасынан коронавирус расталған жағдайда тек дәрігердің тағайындауымен алады.

«Егер пациентке аталған препараттардың берілмейтіні хабарланса, олар Бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс орталығына хабарласады. Операторлар мәселені анықтап, дәрі-дәрмекпен қамту шаруасын шешіп береді», – деді Бюрабекова.

 
Тегтер: дәріемкоронавирусЛюдмила Бюрабекова
Алдыңғы жаңалық

Ерікті болдың, елге еңбегің сіңді…

Келесі жаңалық

Қой бағасы қымбат па?

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент, Самара, жол, ауа райы
Жаңалықтар

Екі облыста жол жабылды

Наурыз 3, 2021
вакцина
Әлеумет

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 2021
Алматы, полицей, Тимур Қалмұрзаев
Жаңалықтар

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Наурыз 3, 2021
коронавирус, ауру, науқас
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі облыста жол жабылды

Наурыз 3, 08:45

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 08:30

Алматыда 9-қабаттан құлаған полицейдің анасы министрден көмек сұрады

Наурыз 3, 08:16

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп жатыр

Наурыз 3, 08:07

Тәуелсіздік тариxы жаңаша зерделенуі тиіс – Бүркітбай Аяған

Наурыз 3, 08:00

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 07:31

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 07:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Шымкент, Самара, жол, ауа райы

Екі облыста жол жабылды

Наурыз 3, 2021
вакцина

«Вакциномикаға» мән беретін уақыт келді

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»