Былтыр ғана салынған бұл жаңа үй ауылдың шетінде бір өзі оқшау орналасқан. Өрт сөндірушілер жарты сағатта келіп жеткенше, баспананы жалын толық шарпып үлгерген. Өкініштісі, олар сусыз келген. Баспана бар-жоғы 15-20 минуттың ішінде жанып кеткен. Абырой болғанда үйдегілер аман-есен, үйдегі тоңазытқышты, қажетті киім-кешектері мен құжаттарын шығарып үлгерген.
https://youtu.be/n0a76X84xog
Көршілерінің айтуынша, үй иесі Бақытбек есімді қандас азамат қазіргі уақытта Тарбағатай ауданында жұмыста, оның төрт баласы бар. Балаларының бәрі ауылдағы мектепте оқиды. Қазір ауыл тұрғындары оқушы балаларының телефонын алып, көмек көрсетуге кіріскен.
Табиғи апат салдарынан баспанасы бүлінген азаматқа жергілікті әкімдік тарапынан қандай көмек көрсетілетіні әзірге белгісіз.