Шымкент әкімі екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты
Шымкент әкімі екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты
250
оқылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында арнайы жазба жарияланды. 
"Шымкент әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қос шенеунік те әкім орынбасары болып осыдан төрт ай бұрын тағайындалған болатын.