Томирис Байсафаның ісі: Дағыстан экс-премьерінің ұлы ұсталды
Томирис Байсафаның ісі: Дағыстан экс-премьерінің ұлы ұсталды
371
оқылды
Дағыстанның экс-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлады "112" Telegram-каналында. 
"Кеше таңертең полицейлер марқұмның жігіті - Муртузали Меджидовті ұстады. Ол - Дағыстан Республикасының экс-премьерінің ұлы", - делінген хабарламада.
Бұған дейін тергеу комитеті аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы 105-бап ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Меджидов 91-бап бойынша ұсталған. Еске салайық, бұған дейін 2018 жылы 3 мамырда МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу ауруханасында қайтыс болғаны хабарланған еді. Сәуірде тергеушілер студент қыздың МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткеннен кейін іс қозғаған. Тергеу мәліметінше, қыз бала 1997 жылғы. Құлағаннан кейін оны дереу ауруханаға жеткізген. Бұл оқиға 13 сәуірде болған. 21 жастағы Томирис Байсафа МГИМО төртінші курс студенті. Ол үзіліс кезінде төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Оның көптеген жері сынған еді.