Оразғали Селтеев, саясаттанушы: Партияның үлгі болуына үш ұсынысым бар
Оразғали Селтеев, саясаттанушы: Партияның үлгі болуына үш ұсынысым бар
543
оқылды

– Дәл қазір биліктегі партияны сапалы түрде жандандыру өте қажет. Nur Otan өз ұстанымдары мен жұмыс тәсілдерін қайта қарастырып бастағаны құптарлық іс. Бірінші ұсынысым. Партияның басты басымдығы – мемлекеттік саясатты идеологиялық тұрғыдан қолдау болмауы керек. Партиялық бақылаудың мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін арттыруға тигізген әсері өте маңызды. Мониторинг жасаудың ыңғайлы жүйесін қалыптастырып, оны орындауға күш салу керек. Егер Nur Otan ұзақ уақыттық қызметті қаласа онда бақылаушы позициясынан бас тартқаны абзал. Екінші. Жүйелік проблемаларды шешу бойынша нақты шешімдер жиынтығын құру қажет. Партия жобасы тиімді нәтижелерге бағытталуы керек. Қазір адамдар осындай нақты қадамдарды күтіп отыр.

Сонымен бірге, партия мүшелері мен қолдаушылар арасында ғана емес, Nur Otan-ның жоспарлары мен жобалары туралы ақпараттандыру желісі негізінде байланыс арналарын жақсарту қажет.

Үшіншісі. Партияның ішкі реформасы партия өкілдерінің сапалы құрамын қалыптастыруды көздейді. Біріншіден, бұл мәжіліс пен мәслихаттардағы партиялық тізімдерді мұқият әзірлеу туралы болып отыр.

Келешекте Nur Otan депутаттары көпшілікке жақын, елмен етене араласатын, партия ұстанымын жеткізіп, дәлелдеп һәм орындай алатын адам болуы керек.