Qurban-2020 сайты: Алматыда 1300-ден астам адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген
Qurban-2020 сайты: Алматыда 1300-ден астам адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген
216
оқылды
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бостандық ауданының «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Құрбан Айт дәстүрлі мерекесіне құрбандық шалу онлайн форматта өтеді. Құрбан шалуға және сойылған құрбандық малының етін алуға өтініш беру үшін Qurban-2020 онлайн платформасы құрылған.
«Бүгінгі таңда 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген», — деді Данияр Жұмабаев.  
Сонымен бірге ол қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскенін айтты. Барлық ет қайырымдылық аясында мұқтаж жандарға таратылады. Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштері сайтта 24 шілдеден 30 шілде аралығында қаралады.