Томирис Байсафаның анасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызының өлімін тергеуге көмектескені үшін алғысын айтты.
"Біздің Президент маған бұл дүниеде бәрі бірдей сатып алынбайтынын, жазасыз жауапкершіліктен құтылуға болатынын көрсетті! Мемлекеттің бірінші тұлғасы қарапайым адамдардың өтініштеріне бей-жай қарамайтыны үлкен құрметке лайық! Рахмет, Президент!", – деп жазды Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, қыздың анасы Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігіне, РФ Тергеу комитетінің төрағасы Бастрыкинге ерекше алғысын білдірді.
"Мен ешкімге қан тілеймін, адамдардың түрмелерде отыруын қаламаймын, бірақ мен өз-өзіне қол жұмсаған қыздың анасының орнында да болғым келмейді", - деп толықтырды Жанна Ахметова.
Айта кетейік, бұған дейін Томирис Байсафаның ісіне күдікті ретінде Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, 2019 жылы Президент Тоқаев Томирис Байсафаның анасын арнайы қабылдаған болатын.