А.Цой: Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ
А.Цой: Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ
фото: ашық дереккөз
194
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты. «Қазіргі уақытта бізде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда қайтадан тесттен өткен кезде коронавирус инфекциясы бойынша оң нәтиже көрсеткен жағдайлар бар. Біздің иммунологтардың айтуынша бұл – бастапқы кезеңде коронавирус жұқтырған пациенттің ағзасында қалып қойған вирус қалдығы. Яғни бұл – қалдық сипатындағы құбылыс. Олар тек тестте екінші рет көрініп тұрады. Оның үстіне аурудың ешқандай белгілері байқалмайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Алексей Цой  осыған ұқсас қандай да бір жағдай болып жатса бірден  хабарлау қажеттігін айтты.