"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды", - делінген хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен.