Діни шараға келгендердің саны 2,5 млн-нан 10 мыңға дейін азайды. Олардың 70 проценті – Сауд Арабиясында тұратын шетел азаматтары, қалғаны жергілікті тұрғындар.
Олардың ішінде коронавирус дертінен айығып шыққан денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары да бар.
Телеарнаның хабарлауынша, билік өкілдері қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандарға қажылық жасауға мүмкіншілік берген. Биылғы қажылыққа 20 мен 50 жас аралығындағы бұрын қажылыққа бармаған адамдар қатысқан.